10
апрель
2026
«Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңі өтті
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің 2026 жылғы 23 ақпандағы №332 хатына және «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының 2026 жылғы 19 ақпандағы №138 хатына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті «El Umiti» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтетін ауыл мектептерінің 6 сынып оқушыларына арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының I кезеңі 1-15 сәуір аралығында өтуі тиіс болатын. №48 жалпы орта білім беретін мектебінде аталған олимпиаданың I кезеңі кестеге сәйкес 8-9 сәуір күндері өткізілді. Олимпиадаға жалпы https://1000bala.elumiti.kz сайтына тіркелген 44 оқушы онлайн қатысты. Оқушылар 90 минутқа берілген 40 тест тапсырмасын орындады. Кешенді тестілеу тапсырмалары логикалық ойлау және кеңістікті ойлау бөлімдерінен болды.
