30
ноябрь
2021
«Тәуелсіздігім – азаттығым, бақ күнім» атты тарих пәні айлығының жабылу салтанаты
2021 жылдың 30 қарашасында № 48 жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылған «Тәуелсіздігім – азаттығым, бақ күнім» атты тарих пәні айлығының жабылу салтанаты өтті. Іс-шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Тарих пәні айлығы кезінде ұйымдастырылған ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралардың суреттерінен жасалған слайд көрсетілді. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 9 сыныптардың қатысуымен түсірілген бейнежазба көрсетілді. Тарих пәні айлығының барысында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысқан, өз білімдерімен таңқалдырған оқушылар мадақтама қағазымен марапатталды.