31
октябрь
2022
Тарих пәні педагогтерінің электронды портфолиосының жүргізілуі
Ағымдағы жылдың қазан айында тарих пәні бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес тарих пәні педагогтерінің электронды портфолиосының жүргізілуі қаралды. Педагогтің портфолиосы:
1. Педагог туралы жалпы мәліметтер
2. Педагогикалық қызмет мониторингі
3. Ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша ақпарат бөлімдері негізінде көрсетілді. Тарих пәнінің педагогтері 32 жыл еңбек өтілі бар Кушембаева Алтынай Бектургановна мен 17 жыл еңбек өтілі бар Кудербаева Алия Женисбековна электронды портфолионың 1-бөлімінен бастап, педагогикалық ұстанымдарын, шығармашылық тақырыптары мен мақсат, міндеттерін атап көрсетті. Сонымен қоса біліктілікті арттыру сертификаттары мен алған марапаттарын да жинақтаған. Педагогикалық қызмет мониторингісі бойынша білім сапасының өсу динамикасын, педагогтің кәсіби жетістіктері мен білім алушылардың аудандық, облыстық, республикалық жетістіктеріне де тоқталды. Ғылыми-педагогикалық қызмет бойынша А.Кушембаева құрастырған тест тапсырмаларының жинағымен, авторлық бағдарламасымен және білім алушылармен жасаған ғылыми жобаларымен бөлісті. А.Кудербаева ғылыми-әдістемелік баспа беттеріне жарияланған сабақтарын және 5 сынып білім алушысымен бастаған ғылыми жобасының мазмұнымен таныстырып өтті. Орыс сыныптарына сабақ беретін 4 жыл еңбек өтілі бар Алмабаева Анара Маратқызы өз портфолиосын қорғау барысында шығармашылық тақырыбын айтып, алға қойған мақсат, міндеттерімен бөлісті. Жас маман Альменова Маржан Сейсенқызы электронды портфолиосын педагог туралы жалпы мәліметтерді толтырудан бастап, одан әрі қарай толықтыруды қолға алған. Қорыта кетсек, тәжірибелі педагогтеріміз А.Кушембаева мен А.Кудербаеваның жетістіктері, ғылыми-педагогикалық еңбектері тарих пәнінің мұғалімдеріне үлгі болды.