Нарматова Караматхан Хабибовна
Жамбыл облысы Меркі ауданы №48 жалпы орта білім беретін мектебі
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Нарматова Караматхан Хабибовна
Нарматова Караматхан Хабибовна – терең білімді, жан-жақты дамыған интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін және шығармашылық мүмкіншіліктерін дамытудың белсенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында оқытудың жаңа тәсілдері мен ақпараттық технологияны қолдана отырып, шығармашылық ізденісте жұмыс істейді.
Педагогикалық жұмысының нәтижесі тұрақты: үлгерімі 100%, білім сапасы 71 - 73%.
2017-2018 оқу жылында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту контексінде білім алушыларды критериалды бағалау» тақырыбындағы республикалық семинарға белсенді қатысқаны үшін «Құрмет грамотасымен» және «Критериалды бағалау: теория және практика» тақырыбындағы семинарда ерекше сабақ үлгісін көрсеткені үшін марапатталды.
2017 жылы «INTELUROK» Республикалық қашықтық олимпиадасына оқушылары белсен қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
2018-2019 оқу жылында Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, ІІІ орын орыс тілі пәнінен, 2019-2020 оқу жылында ІІІ орын орыс әдебиеті пәнінен алды. «NIO» халықаралық интернет олимпиадасына қатысып ІІ орынға ие болды.
2019-2020 оқу жылында Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының Меркі аудандық комитеті білім беру саласындағы өнегелі еңбегі мен ұжым өміріндегі ерекше белсенділігі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен орыс тілі пәні бойынша өткізілген «Педстарт» олимпиадасына қатысып, І орын, орыс әдебиеті бойынша І орындарға ие болды.
Мұғалім дарынды оқушыларға көңіл бөледі, олардың білімін, шеберлігі мен дағдыларын тереңдетеді, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, Ақпараттық мәдениетті арттырады.
Оның оқушылары халықаралық, республикалық, облыстық конкурстар мен олимпиадалардың жүлдегерлері.
2017-2018 оқу жылында «Ақ бота» Республикалық интеллектуалдық марафонға 7 оқушы қатысып, 4 оқушы Губанова Дарья І орын, Кулакова Елена І орын, Афанасьева Карина І орын, Ткачева Яна ІІ жүлделі орындарға ие болды. 2018-2019 оқу жылында аталған марафонға 9 оқушы қатысып, 8 оқушы К.Тихонова ІІ орын, М.Темеев, А.Степанова, В.Буренко, Д.Линев, А.Толкунов, Я.Ткаченко, Д.Танабай І орындарға ие болды. «Инфоурок» жобасында IV халықаралық «Мириада открытий» байқауында оқушысы Кулакова Елена жүлделі ІІ орынға ие болды. «NIO» халықаралық интернет олимпиадасына оқушысы Гульянц Данил қатысып ІІ орынға ие болды.
2018-2019 оқу жылында халықаралық «Русский медвежонок» байқауында И.Сопухан ІІІ орын, С.Хан ІІІ орын, К.Афанасьева ІІ жүлделі орындарға ие болды. 2019-2020 оқу жылында А.Пичкурова ІІІ жүлделі орынға ие болды. «Ақ желкен» халықаралық лингвистикалық лоимпиадасында оқушылары: А.Курманбек ІІ орын, А. Толкунов ІІІ орын, К.Афанасьева ІІІ орын, М.Манап ІІІ орын, Р. Жиляков ІІ орын, Н.Степанов ІІІ жүлделі орындарға ие болды.
«INTELUROK» Республикалық қашықтық олимпиадасында А.Белякова ІІ орын алды.
2018 – 2019 оқу жылында орыс тілі мен әдебиеті бойынша аудандық пәндік олимпиадада Кулакова Елена - ІІ орын алды.
2019-2020 оқу жылында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша Республикалық КИО олимпиадасында 11 сынып оқушысы Кулакова Елена және 8 сынып оқушысы Шидакова Рамина жүлделі ІІІ орындарға ие болды. Оқушысы Губанова Дарья ІІІ орын, Гульянц Данил І орын, Белякова Анастасия ІІ орын, Турысбек Айжан ІІ орындарға, аудан бойынша ие болды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 6 оқушысы қатысып, 100 % білім сапасын көрсетті.
Мұғалім қала және облыс педагогтерімен өз тәжірибесін бөлісіп отырады.
Өз ісіне жауапты, адамдармен оңай тіл табыса білетін, ұжым арасында сыйлы, оқушалардың құрметіне бөленген жан.
Нарматова Караматхан Хабибовна - Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының 2020 жылғы 19 мамырдағы №4 хаттамасының шешімімен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапаттауға ұсынылады.