"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау" тақырыбында жиналыс
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде педагог ұжыммен мектеп қызметкерлері арасында
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тақырыбында жиналыстың өткендігі туралы
Анықтама
Ойтал ауылы 16 ақпан 2022 жыл
2022 жылдың 15 ақпанында №48 жалпы орта білім беретін мектебінің акт залында мектеп әкімшілігі мектептің педагогикалық ұжымымен мектеп қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау тақырыбында жиналыс өткізді.
Жиынға мектеп директоры Б.Ахметбеков төрағалық жасап, ол өз сөзінде соңғы кездері әртүрлі жеке ұйымдарда ақылы іс-шаралар өткізілетіні туралы шағым хаттар өте көп түсуде, ата-аналар ақылы олимпиадаға қатысу міндетті емес екенін білулеріңіз қажет. Меркі ауданының білім бөлімінің 2021 жылғы 27 тамыздағы №2229 хатында бөлім басшысы мектеп қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелерін тұрақты бақылауға алуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау жүргізу қажет.Барлық қызметкерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сағат жүктемесін бөлу барысында заңсыздыққа жол берілмеуі арыз-шағымдарды болдырмау, жаңа оқу жылында қызметкерлерді жұмысқа қабылдау барысында да сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігін қатаң ескерткенін, сонымен қатар мұғалімдерден, ата-аналар мен заңды өкілдерден кеңсе-шаруашылық заттарын сатып алуға, сыйлық ретінде алуға, мерекелік іс-шаралар өткізу мақсатында заңсыз ақша жинауға заттай сый-сияпат алуға, себепсіз ақша жинауға қатаң түрде тыйым салғанын, сол себепті сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері тарапынан осындай іс-әрекеттер орын алған жағдайда бірден мектеп әкімшілігіне хабар беру керектігін ұжымға кезекті рет айтып, ескертті.
Басшы сонымен қатар «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығының «Педагогикалық әдеп қағидалары» және «Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары» туралы 1,2-қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес мектепішілік педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес құрылғанын, кеңес педагогтардың педагогикалық әдепті сақтауы туралы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылатынын, жалпы кеңеске педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алатынын, кеңес өз қызметін «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, үлгілік қағида мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыратынын және обьективтілік пен әділдік, әдептілік қағидаттарын басшылыққа алатынын, әдептің негізгі қағидаттары адалдық, әділдік, жеке тұлғаның абыройын және қадір-қаситетін құрметтеу, патриотизм, жалпы адами құндылықтарды құрметтеу және төзімділік, кәсіби ынтымақтастық және үздіксіз кәсіби даму болып табылатынын айтып өтіп педагогтар қызметтік және қызметтік емес уақыттарда ұстанатын бірнеше негізгі нормаларға тоқталды.
Іс-шара соңында бірнеше мұғалім тақырып төңірегінде жарыссөзге шығып мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды.
Жиын соңында мектеп қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері тұрақты бақылауға алынсын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасау мектеп әкімшілігі тарапынан үздіксіз жүргізілсін және мектепішілік педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес жұмысы үлгілік қағидаға сай жүргізілсін деген шешім қабылданды.
Мектеп директоры Б.Ахметбеков
Әлеуметтік педагог М.Салахова