2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты ата –аналар мен балалардың заңды өкілдерінің назарына! » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » 2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты ата –аналар мен балалардың заңды өкілдерінің назарына!
06
май
2021

2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты ата –аналар мен балалардың заңды өкілдерінің назарына!

2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты ата –аналар мен  балалардың заңды өкілдерінің назарына!


2021 жылдың 6 мамыр күні  мектеп директоры Б.Ахметбеков пен директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Асилбекова  1-11 сынып оқушыларының ата –аналарына мектепішілік жиналыс өткізді. Жиналыс барысында:

  1. Оқу жылының аяқталуы
  2. 9,11 сыныптардағы білім алушылардың арасында қорытынды аттестаттау
  3. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттар, хабарламалар

Мектеп директоры: 2020-2021 оқу жылының 4 тоқсанында 1-11 сыныптар бойынша білім алушылардың сабаққа қатысуын, тәртібін, оқу үлгерімі бойынша сөз ала отырып биылғы оқу жылының аяқталуына байланысты түсіндірме жұмыстарын туралы айтып өтті.

Директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Асилбекова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігі нұсқаулық хаты мен «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №189 бұйрығымен таныстырды

2020-2021 оқу жылының аяқталуына байланысты ата –аналар мен  балалардың заңды өкілдерінің назарына Қазақстан Республикасының 2015 -2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында мектебімізде ақшалай қаражат жинауға жол берілмейтіндігі туралы айтып өтті. Сонымен қатар: 


Жол берілмейді:

  • Соңғы қоңырауға, мектеп бітірушілерге аттестат тапсыру мерекелік іс –шараларға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға;
  • мектеп бітірушілер шараларын ұйымдастыру барысында қаражат жинауға;
  • мектеп бітіруге арналған мерекелік дастархан ұйымдастыруға;
  • көлік жалдау арқылы  аудан ішінде экскурсия жасауға ;
  • мейрамханаларда , кафелерде  және басқа  да ойын сауық орындарында мектеп бітіру шараларын ұйымдастыруға;


Қатаң тиым салынады:

  • Мектеп оқушылары мектепке сыйлық жасауға;
  • Мектеп әкімшілігі мен педагогтарға сыйлық беруге;
  • сынып жетекшілерге бағалы сыйлықтарды тарту етуге  - жол берілмейтіндігі туралы ескертті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив