24
январь
2022
Ұлттық бірыңғай тестілеудің 25.01-22.02.2022 ж. аралығында басталуы туралы түсіндіру жұмыстары
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде биылғы 2021-2022 оқу жылындағы мектеп бітіруші түлектер - 41, оның 32-і мектеп бітіруші ҰБТ тапсыруға ниет білдірді. Осы ҚАҢТАР айындағы (25.01-22.02.2022 ж.) аралығында өткізілетін ҰБТ-ға мектебімізден 27 білім алушы өтініш берді. Жиналыс барысында алдымен мектеп психологтары А.Тағайбаева мен М.Музарапова "Релаксациялық жаттығу" жүргізді. Жалпы жиналысқа мектеп бітіруші түлектер мен сынып жетекшілері қатысты.
Қаңтар айындағы тест тапсыру кезінде мектеп бітіруші түлектермен ДОТІЖО А.Асилбекова төмендегі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізді.
ҰБТ бойынша есте сақтау керек МАҢЫЗДЫ ақпарат:
ақпараттық қауіпсіздік мақсатында тестілеу «1 компьютер -2 камера-1 тестіленуші» қағидаты бойынша жүргізіледі.
көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге қосымша тестілеу уақыты (40 минут) беріледі.
тестілеуге кіргізу кезінде тестіленушілерден тыйым салынған заттар (телефондар, шпаргалкалар және т.б.) анықталған жағдайда – ҰБТ-ға жіберілмейді.
аудиторияда қатысушылардан тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу автоматты түрде тоқтатылады.
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар (бетперде тағу режим және әлеуметтік қашықтық) қатаң сақталатын болады.
Тестілеу залында бейнебақылау жүргізіледі, сондықтан көшіріп алу, фотосуретке түсіріп алу мүмкіндігі болмайды.
Егер ондай жағдай орын алатын болса, барлық бейнежазбалар қайта қаралып, тест тапсырушымен ережелердің бұзылғаны анықталса, оның нәтижесі жойылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚАҢТАР айындағы ҰБТ-ның нәтижесімен ЖОО-ға тек ақылы бөлімге түсуге болатындығы ескертілді. Сондай-ақ, кешеден бері ҰБТ басталды, өкінішке орай тапсырып жатқан білім алушылардың жеке құжаттарын үйлерінде қалдырып, кейбір түлектер ҰБТ-ға кіргізілмеген. Сондықтан сынып жетекшілер ата-аналарға түсіндіріп, өз балаларының құжаттарын түгел болуын қадағалау керек. 16 жасқа толмаған, жеке куәліктері болмаған жағдайда туу туралы куәлігі және мектептен фотосымен бірге анықтамалары болуы керектігі ескертілді.
Жиналыс соңында ҰБТ-ны ойдағыдай тапсыруға тілектестік білдірді!