Қамқоршылар кеңесінің отырысының (онлайн режімде) №10 ХАТТАМАСЫ (көшірме) » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Қамқоршылар кеңесінің отырысының (онлайн режімде) №10 ХАТТАМАСЫ (көшірме)
05
май
2021

Қамқоршылар кеңесінің отырысының (онлайн режімде) №10 ХАТТАМАСЫ (көшірме)

№48 жалпы орта білім беретін мектебі

 қамқоршылар кеңесінің отырысының (онлайн режімде)

 №10 ХАТТАМАСЫ (көшірме)

Ойтал ауылы                                                                                                                        5 мамыр 2021 жыл

Төраға: қамқоршылар кеңесі төрағасы Ш.Бидайбаев 

Отырыс өткен орын: №48 жалпы орта білім беретін мектебі, онлайн-режімде 

Қатысқандар: Қамқоршылар кеңесі төрағасы мен мүшелері, №48 ЖОББМ директоры Б.Ахметбеков, директордың оқу-тәрбие, құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және 11 сынып оқушыларының 32 ата-анасыбарлығы 41 адам.

Хатшы М.Маделиев


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. 2020-2021 оқу жылында жалпы атқарылған жұмыстар туралы мектеп директоры Б.Ахметбековтың есебі.
  2. 9-11 сынып оқушылары арасында ҰБТ және оқу жылының мектеп бітіруші түлектеріне арналған кештің ұйымдастырылмайтындығы туралы ата-аналармен түсіндірме жұмысы жүргізілгені туралы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекованың есебі.
  3. Әр түрлі мәселе.


ТЫҢДАЛДЫ:


Отырысты мектеп директоры Б.Ахметбеков алғы сөзбен ашып беріп, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. 

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша сөз алған мектеп директоры Б.Ахметбеков өз баяндамасын білім ұясының 2020 жылы күрделі жөндеуден өткенімен мақтанышпен айтып бастап, 2020-2021 оқу жылында білім ошағы бірнеше толағай жетістіктерге жеткенін баяндады. Атап, айтқанда тәрбие саласында жеткен үлкен жетістіктер мен педагогтар арасындағы санаттық жетістіктерге тоқталып өтті (тізімдері анықтамада көрсетілді). Педагогикалық санат бойынша білім ошағында еңбек етіп отырған 100 педагог маман арасынан бүгінгі күнге педагог-зерттеуші санатында- 17, педагог-сарапшы санатында- 23, педагог-модератор санатында- 10 педагог еңбек етіп отырғанын, биылғы 2020-2021 оқу жылында  6 педагог-зерттеуші, 4 педагог-сарапшы және 2 педагог-модератор санатына ие болғанын айтып өтті.

Баяндамашы өз сөзінде 2020-2021 оқу жылының тамыз-қыркүйек айлары мен оқу жылы барысында мектептің әлеуметтік қызмет мамандары тарапынан аз қамтылған, көпбалалы отбасы балалары үшін еліміздегі пандемияға байланысты қашықтықпен оқу үрдісі кезеңіне  аудандық білім бөлімінен жалпы саны 223 компьютерлік құрал бөлінгенін, оның 184 құралы аталған отбасында тәрбиеленіп отырған балаларға таратылса, қалған 39 компьютер құралы мектепте ұстаздар қауымы мен 11 сынып оқушылары ҰБТ сынағына қатысуға пайдаланып отырылғанын, сонымен қатар әлеуметтік педагогтар тарапынан мектептің әлеуметтік төлқұжаты жасалып, түрлі санаттағы балалар саны анықталғанын (сандық мәлімет тіркелді), сандық мәлімет оқу жылы бойы үздіксіз жаңартылып отырылатынын,сандық мәліметке сәйкес бүгінгі күні білім ошағында ерекше қадағалауды қажет ететін үйде оқитын 8, инклюзивті білімді жеке қаралыммен оқитын 4 оқушы оқып отырғанынын, тамыз-қыркүйек айларында аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды жаңа оқу жылында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында үлкен жұмыс атқарғанын, нәтижесінде 52 отбасынан 108 оқушы анықталғанын, алайда пандемиялық жағдайға байланысты аудандық білім ұйымдарының асханаларында тегін тамақ беру жұмысы ұйымдастырылмағанын, қазан-желтоқсан айларында әр балаға аудандық бюджеттен 26000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілгенін, түрлі санаттағы оқушыларды мектеп асханасында бір мезгіл тегін және жеңілдетілген тамақпен қамту мәселесі бойынша мамыр айынан бастап 128 оқушы мектеп асханасында 2 ауысыммен бір мезгіл тегін тамақпен қамтылатынын баяндады.

Содан кейін басшы тәрбие бағытында жыл сайынғы дәстүрлі жаз мезгілінде балаларды сауықтыру лагерьлерінде демалыспен қамту мәселесі нақты шешімін таппай отырғанын, себебі, аудандық білім бөлімі республика облыстарының «қызыл» аймаққа ену көбейіп, пандемиялық ахуалдың ушығуына байланысты аталған жұмыс бағытының ұйымдастырылуы маусым-шілде айларында облыстағы эпидемиялогиялық жағдайға тікелей байланысты деп отырғанын,  аталған жағдайға қарамастан  білім ошағындағы барлық 51 сынып сәуір айынан бастап дәстүрлі, штатты режимде оқып отырғанын, оқу процесі барысында санитарлық талаптап қатаң сақталып отырғанын, ол жұмыста мектептің медициналық қызметкерлері Г.Нурымова мен Х.Бабатова қажымас ерен еңбек атқарып отырғанын, бүгінгі күнге 4 оқушы ғана денсаулығына байланысты ата-анасының жазбаша өтінішімен қашықтықпен оқып отырғанын айтып өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы №564 бұйрығы мен Жамбыл облыс әкімінің 06.01.2021 жылғы №2 қаулысымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімінің жалпы білім беретін бағдарламаларың іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларына» және облыстық білім басқармасының 16.03.2021 жылғы №01-1270 хатына сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірі мен 1 тамыз аралығында 1 сыныпқа қабылдау бойынша ата-аналармен мектеп әкімшілігі тарапынан онлайн режимде түсіндірме жұмыстары жүргізілген, жұмыс барысында ата-аналарға 1 сыныпқа баратын балалардың құжаттары олардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалар арқылы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталына жолданатыны,  жолданатын құжаттар тізімі хабарланғанын, 01.05.2021 жылға ата-аналардан 55 балаға өтініш қабылданып тіркелгенін, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және түрлі есепте  тұрған балалар бойынша бүгінгі күні мектепішілік есепте бала жоқ екенін, ал Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның есебінде 2 оқушы, «жайсыз» отбасы ретінде 2 «д» сынып оқушысы Матчина Елизавета профилактикалық есепте тұрғанын, аталған оқушы бүгінгі  күні Тараз қаласында орналасқан  өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қорғау орталығында тәрбиеленіп отырғанын, анасын қызына қатысты ата-аналық құқығынан айыру жөнінде тиісті материалдар жинақталып Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық сотына жіберілетіні туралы баяндады.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз алған директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова ағымдағы 2020-2021 оқу жылында бітіруші үш 11 сыныпта 41 оқушы оқып отырғанын, аталған оқушылар арасынан 28 оқушы ҰБТ қатысуға ниет білдіріп отырғанын, биылғы ҰБТ тапсырудың бір ерекшелігі наурыз және маусым аралықтарында ҰБТ Тараз қаласында «Ustudy» ЖШС-нің базасында электрондық форматта өтіп жатқанын, сәуір айында өткен алғашқы ҰБТ сынағына қатысқан мектеп түлектерінің көрсеткіші жалпы төмен болғанын, келесі грантқа иегерлікке ҰБТ-нің бірінші лектік сынағы біздің мектеп түлектері арасында 6 мамыр мен 2 маусым аралығында, ал екінші лектік ҰБТ сынағы маусым айында өтетінін, әрбір түлектің ҰБТ-не қатысуын қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ҰБТ-не қатысатын оқушылардың денсаулығына қажетті барлық жағдайларды жасау (маска, санитарлық қолғап, антисептик), оқушылардың тестілеу кезінде тиым салынған заттарды (шпаргалка, ұялы телефон, планшет, құлаққап, т.б.) қолданбау туралы ескерту, тестілеу барысындағы барлық қаржылай шығыны (жол ақысы, тамақтану және т.б.), жол сапардағы балалардың өмір қауіпсіздігі толық ата-анаға жүктелгені  2021 жылдың 4 мамырында түлектердің ата-аналарымен өткен үлкен жиында ата-аналарға нақтылап айтылып, ескертілгенін, сонымен қатар аталған жиында мектеп бітіруші түлектерге арналған кештің ағымдағы жылы еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты ұйымдастырылмайтынын, мектеп бітіруге байланысты басқа да іс-шараларға, яғни, ақша жинау, арнайы автокөлік шеруін ұйымдастыру, дрон жалдау, тау бөктерінде немесе тойхана, кафелерде бас қосып жиналуға қатаң тиым салынғаны туралы да ата-аналарға айтылып, ескертілгенін айтты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жарыссөзге кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев пен кеңес мүшесі Г.Даулетбаева шығып, олар еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты мектеп ұжымының барлық мүшесі бүгінгі таңда іске асырылып жатқан вакцинациялау іс-шарасына қатысуда белсенділік танытса деген ұсыныстарын айтты.

 Қамқоршылық кеңес директор есебіне «қанағаттанарлық» деген баға берді.


ШЕШІМ:

  1. Мектепте оқу процесі мен  басқа да өткізілетін барлық іс-шаралар қатаң санитарлық-эпиемиологиялық талаптарға сәйкес  жүргізілсін.
  2. Мектеп түлектері арасында ҰБТ-не қатысу жұмыс бағыты мектеп әкімшілігі тарапынан оқу жылы үздіксіз қадағалансын.Түлектердің білім сапасын көтеру мақсатында пән мұғалімдері тарапынан оқушылармен қосымша жұмыстар атқарылсын. Тест қорытындылары үнемі ата-аналарға таныстырылсын.
  3. 2020-2021 оқу жылында соңғы қоңырау, оқу жылының мектеп бітіруші түлектеріне арналған кештің өтуі және оқушыларға жаздық сауықтыру лагерьіне жолдама беру туралы іс-шаралар облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің нақты ұсыныс хаттарына сәйкес ұйымдастырылып өткізілсін.



                                Кеңес төрағасы                                 Ш.Бидайбаев

                                Кеңес мүшелері                                 Г.Даулетбаева

                                                                                       К.Шакибаев

                                                                                       Д.Рысбек

                                                                                       К.Ахашов 

                                                                                       Р.Алпанов

                                                                                       Б.Ниязалиева                                                                

                                                                                       В.Стребкова

                                                                                       Б.Елеуисова

                                           Хатшы                                  М.Маделиев

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив