25
февраль
2022
Шектеу іс-шаралары кезеңінде №48 ЖОББМ-нің асхана жұмысын бракераждық қомиссия құрамымен тексеру нәтижесі
Мектептің педагогикалық кеңесінің 27.08.2021 жылғы және қамқоршылар кеңесінің 07.01.2022 жылғы шешімдеріне сәйкес тізіммен бекітілген көпбалалы және әлеуметтік жағдайлары төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан 130 (жүз отыз) білім алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасына сәйкес мектеп асханасында 2022 жылдың қаңтар айынан 2 ауысымда бері бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отыр.
Асхана жұмысы мен балалардың тегін және ата-ана есебінен тамақтануы карантин кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру барысындағы шектеу іс –шаралары туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 13 тамыздағы №3-15-2/3162-И мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2021 жылғы 16 тамыздағы №03-4644 хаттары мен Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2121 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысына сәйкес жүзеге асырылуда.
Аталған шектеу іс –шараларына кезеңінде мектеп асханасында санитарлық талаптардың сақталуын анықтау мақсатында 2022 жылдың 25 ақпанында мектептің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераж) комиссия мүшелері: төраға, мектеп директоры Б.Ахметбеков, мүшелері: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова, ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Даулетбаева, қамқоршылық кеңес мүшесі Б.Ниязалиева, мектептің кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Бейсембетова, медициналық қызметкер Х.Бабатова мен әлеуметтік педагог М.Маделиев мектеп асханасына тексеріс (мониторинг) жүргізді.
Мониторинг барысында асхана тазалығы, аспазшылардың тазалығы, жеке гигиеналықты сақтауда арнайы киіммен жұмыс атқару, менюдің сәйкестігі, дайындалған тағамның нормасы, сапасы, асхананың сыйымдылығы, тиімді тамақтануға арналған арнайы стендтер, оларға ілінген материалдардың мазмұны, мәтіні, кезекшілік кестелері, сонымен қатар ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, асханаға кіреберісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар мен балалардың қолын өңдеуге арналған тері антисептиктерінің көзделінуі, олардың көрінетін және қолжетімді жерлерге орналастырылуы, асханада пайдалануға, сатуға тыйым салынған заттардың сатылмауы тексерілді.
Іс-шара барысында мектептің медициналық қызметкерлері Х.Бабатова мен К.Джазбакова тарапынан аспазшылардың денсаулығы, арнай киімде қызмет жасауы, дайындалған тағамдардың салмағы, тағамдардың сақталу жағдайы, тағам дайындау технологиясына тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы, комиссия тарапынан асхананың жалпы санитарлық тазалығы, жауапты мамандардың кезекшілік және білім алушылардың тамақтану кестелері тексеріліп, кемшіліктер анықталмады.
Алайда комиссия құрамы асхананың ас дайындау және тамақтану залындағы терезелерінде орнатылған торлар санитарлық талапқа сәйкес еместігін анықтап, ол торлар алдағы апта аралығында арнайы торлармен (москитная сетка) алмастырылуы керек деген шешім қабылдады.