Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы туралы ақпарат
№48 жалпы білім беретін мектебінің тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханадағы бір мезгіл тамақтандыруды ұйымдастыру деңгейіне оқу жылы бойы бақылау жүргізуде.
Асхананың жабдықталуы санитарлық нормаға сай. «Дұрыс тамақтану» бұрышы арнайы стендте ұйымдастырылған. 2019-2020 оқу жылына оқушыларға бір мезгіл ыстық тамақпен қамту бойынша іс - шара жоспары құрылған. Аталған жұмыс бағытына жауапты болып мектеп басшысының бұйрығымен директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Султанбекова бекітілген. Бүгінгі күнге мектеп асханасында аз қамтылған отбасынан шыққан 283 оқушы бір мезгіл тегін тамақпен қамтылып отыр. Сонымен қатар ата - ана есебінен де бір мезгіл тамақтанып отырған жұмыс бағыты да қатар жүргізілуде.
Мектеп асханасында мектеп басшысы тарапынан бекітілген ас мәзірі ілінген. Мектепте перспективалық ас мәзірі жасалып, бекітілген. Мектепте бракераждық комиссия құрамы бекітілген. Бракераждық жұмысты жүргізу мектеп медицина қызметкерлерінің жауапкершілігіне жүктелініп, аталған мамандар тарапынан бракераждық журналдарда жүргізілуде. Сонымен қатар олар аспазшылардың денсаулығын күнделікті тексеріп, асханадағы қолданысқа берілген шикізат пен дайын тағамдардың жағдайына бақылау жүргізуде.
Асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай. Тамақтанатын ыдыстармен асхананың қамтылуы және ыдыс жуатын бөлменің жай-күйі қанағаттанарлық деңгейде. Көкөніске, дайын өнімдерге, шикізаттарға арналған стеллаждар жасалынған және заттар нормаға сәйкес сақталынған. Қайнатылған су арнайы ыдысқа құйылған. Балалар тамақтанар алдында қолдарын жуып жеке гигиеналық талаптарды сақтайды. Шағымдар мен ұсыныстар кітабы бар. Ата - аналар тарапынан ас мәзірінің дайындалуы, астың сапасы үнемі қадағалануда.
Қорыта келе, оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмысында мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптары толықтай орындалуда.