№48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңес отырысы №11 ХАТТАМА (көшірме) » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » №48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңес отырысы №11 ХАТТАМА (көшірме)
27
декабрь
2019

№48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы Қамқоршылық кеңес отырысы №11 ХАТТАМА (көшірме)

№48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы 

Қамқоршылық кеңес отырысы №11 ХАТТАМА (көшірме)

Ойтал ауылы                                                                                                                            27 желтоқсан 2019 жыл

Төраға: Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев 

Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебі, №23 «тарих пәні» кабинеті 

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы мен мүшелері, №48 ЖББМ директоры Р.Нуралбеков, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция майоры С.Сымтыков.

Хатшы М.Маделиев


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. 2019-2020 оқу жылының І - жартыжылдығы бойынша оқушылардың білім сапасын қорытындылау, үйде оқитын оқушылардың әлеуметтік-тұрмыс жағдайы мен материалдық жабдықталуын  тексеру бойынша есеп. 
  2. Оқушылардың мектеп асханасында тегін және ата-ана есебінен тамақпен қамтылуы.
  3. Мектеп оқушыларының аудан Әкімінің Жаңажылдық Шыршасына қатысуы. 
  4. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, «жайсыз отбасы» ретінде тізімдік есепте тұрған, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және қиын өмірлік жағдайға қалған балалармен атқарылған жұмыстар туралы мектеп инспекторы- Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры С.Сымтыковтың есебі.


ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Султанбекованың есеп баяндамасы тыңдалды.(баяндама қосымша тіркеліп, тігіледі).Білім сапасының нәтижесінен бөлек баяндамашы желтоқсан айында үйде оқитын 9 оқушының әлеуметтік тұрмыстық жағдайы әкімшілік тарапынан тексеріліп,  ай соңында бірнеше бала өз сыныбымен мектепішілік Жаңажылдық Шыршаға қатысқанын, барлық үйде оқитын  балаға демеушілер тарапынан жасалған Жаңажылдық сыйлықтар таратылғанын айтты.

Баяндамашы екінші мәселе бойынша оқу жылоының басында мектеп асханасында тегін тамақпен қамтылған 317 оқушыдан 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 283 оқушы тегін тамақпен қамтылатынын айтты.Атап айтқанда, 28 оқушы тәрбиеленіп отырған 10 отбасыға тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақы 2019 жылдың қараша-желтоқсан айларында комиссия шешімімен тоқтатылған.7 оқушы аталған айларда басқа мектептерге ауысқан.Тегін тамақпен қамтылған 1 оқушы Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылында орналасқан №28 ЖББМ-нен ауысып келген. 

Үшінші мәселе бойынша сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Барлыбаева 2019 жылдың 27 желтоқсанында аудан орталығында орналасқан «Оқушылар «Үміт Сарайында» өткен аудан Әкімінің Жаңажылдық Шыршасына мектеп атынан аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 5 оқушы қатысып, сыйлықтар алып қайтқанын баяндады.Қосымша жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан әр бала 15000 (он бес мың) теңге қаржылай көмек көрсетілгенін, қаржы сомалары балалардың ата-аналарының арнайы есеп-шоттарына аударылғанын айтып өтті.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша мектеп инспекторы- Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры С.Сымтыковтың есебі тыңдалды.  Мектеп инспекторы өз сөзінде желтоқсанның 23-27 күндер аралығында білім ошағында сыныптар арасында өткен   Жаңажылдық Шырша іс-шарасында кезекшілік күшейтіліп, өз дәрежесінде өткенін, мерекелік іс-шара ешқандай тәртіпбұзушылық фактісі анықталмағанын, балаларпдың қысқы демалыс кезеңіндегі өмір қауіпсіздігіне жауапкершілік әрбір ата-анаға жүктелгенін, сынып жетекшілері тарапынан осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып, әрбір ата-анадан тиісті қолхаттар алыңғанын   баяндады.                                                                            

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жарыссөзге Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев, кеңес мүшесі, Ойтал ауылдық округ әкімінің орынбасары Қ.Шакибаев, мктеп директоры Р.Нуралбеков пен директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова шығып сөйледі. Жарыссөз иелері күн тәртібіндегі мәселелер орынды көтеріліп отырғанын айта келе, Жаңажыл мерекесі қарсаңында мектеп және мөлтекауданда балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында кезекшілік жұмысын күшейту, рейдтер ұйымдастыру керек деген өз ұсыныстарын айтты. Кеңес мүшелері инспектор жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.


ШЕШІМ:

  1. Бала өмір қауіпсіздігін сақтау іс-шаралары Жаңажыл мерекесін қарсы алу мен қысқы демалыс күндері күшейтілсін.
  2. Бала тәрбиесі мен өмір қауіпсіздігі сақтау бағытында ата-ананың жауапкершілігі арттырылсын.
  3. Оқушылардың білім сапасын арттыруға арналған жұмыс бағыттары күшейтілсін.
  4. Пәндерге уәжі төмен оқушылармен жұмыс бағыты жандандырылсын. Балармен қосымша жұмыстар атқарылсын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив