30
ноябрь
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілген Республикалық олимпиаданың бірінші (мектепшілік) кезеңі
2023 жылдың 30 қарашасында №48 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен теориялық іскерліктерін тереңдету, дарынды балаларды анықтау және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі өткізілді. Пәндік олимпиада мектеп директорының 29 қараша 2023 жылғы №282 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды. Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңін өткізу барысында «Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды
ұйымдастыру және өткiзу» қағидалары басшылыққа алынды. Барлығы 12 пән бойынша олимпиада материалдары әдістемелік бірлестік жетекшілерімен келісіліп, мектеп директоры бекіткен.
Жалпы пәндік олимпиадаға барлығы 119 оқушы қамтылды. Олимпиаданың І және ІІ турынан жүлделі орындардан көрінген 34 оқушы Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық) кезеңіне жіберілді.