22
ноябрь
2023
«Бүгінгі мұғалім бейнесі» тақырыбында жас мамандарға коучинг
2023 жылдың 22 қараша күні №48 жалпы орта білім беретін мектебінде педагогикалық әдеп кеңесінің жоспарына сай «Бүгінгі мұғалім бейнесі» тақырыбында жас мамандарға коучинг өтті. Коучингке мектеп бойынша 27 жас маман қатысты. Коучингті ұйымдастырушы педагогикалық әдепке жауапты маман директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Омарова Гульсын Жарасбайқызы.
Мақсаты: Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгерген қазіргі мұғалім мен оқушы бейнесі туралы әріптестердің ой пікірі мен көзқарастары ХХІ ғасырдағы мұғалім қызметіндегі басымдықтармен танысу.
Нәтижесі: топтаса жұмыс атқара отырып, қазіргі мұғалім мен оқушы бейнесін жасайды.
Коучингті мектебіміздің психологы З.Тулебаева «Эстафета» тренингімен бастады. Коучинг барысында ең бірінші «Легенда об учителе» тақырыбында бейнежазба көрсетілді. Бейнежазбаны көргеннен кейін өзара талқылады.Екінші кезеңде мұғалімдер 3 топқа бөлінді.Топ мүшелері өздеріне берілген тақырыптары бойынша талқылап, постер дайындады. Жоспар бойынша келесі кезекте сергіту сәтін орындады. Сергіту сәтіне мұғалімдер қызығушылықпен қатысты. Сергіту сәтінде мұғалім екендерін дәлелдейтін 13 себеп жазып берді. Қатысушылар стикерлерге коучингтен алған әсерлерін жазып, кері байланыс парағына жабыстырды. Жас мамандардың кері байланыс парағынан осындай іс-шаралар көп болсын деген ұсыныс анықталды.