26
январь
2024
«Мұғалім – мектеп жүрегі» тақырыбында дөңгелек үстел
Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында №48 жалпы орта білім беретін мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес жас мамандармен «Мұғалім – мектеп жүрегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты жас мұғалімдердің кәсіби шығармашылығын шыңдау, оларды жаңашылдыққа баулу және цифрлық сауаттылықтың маңыздылығын ұғындыру болды. Дөңгелек үстел «Көшбасшы мұғалім», «Цифрлық сауаттылық», «Кәсіби жетістік» атты тақырыптар аясында өрбіді. Мектеп директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары К.Айдарбекова «Мұғалім» мен «Көшбасшы мұғалім» ұғымдарына тоқталып, көшбасшылықтың негізі – білім берудегі эмоционалдық интеллект екенін айтты. Жас мамандарға зияткерлік интеллект (IQ) туралы айта келе, эмоционалды интеллект (EQ) туралы қызықты мысалдар келтірді. Яғни IQ зияткерлік интеллектке қарағанда EQ эмоционалды интеллектті басқару маңызды екенін түсіндірді. Көшбасшы мұғалім оқушыны жан-жақты қолдау арқылы оқушының көшбасшылық қабілетін аша алатынын айтты. К.Айдарбекова мұғалімнің цифрлық сауаттылық дағдысының 3 түрі Hard skils - ақпараттық қамтамасыз ету, Soft skils - программалық қамтамасыз ету, Meta skils - жобалау, модельдеу туралы толық мәлімет берді. Іс-шара барысында презентацияның дизайны, түрлері және оған қойылатын талаптарға тоқталды. Жас мамандардың біліктілік арттыру курстарынан өтіп қана қоймай, кәсіби жетістіктерге қадам жасау керектігі де айтылды.