Дін, қоғам және жастар» тақырыбында кездесу анықтамасы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » Дін, қоғам және жастар» тақырыбында кездесу анықтамасы
03
апрель
2021

Дін, қоғам және жастар» тақырыбында кездесу анықтамасы

№48 ЖОББМ-де «Дін, қоғам және жастар» тақырыбында 

мектеп ұжымы мен  жоғарғы сынып оқушыларының

 облыстық діни басқарма мамандармен кездесу туралы

Анықтама 


Ойтал ауылы                                                                                                                                    03.04.2021 жыл

Іс- шара өткізілген орын: №48 жалпы орта білім беру мектебі, акт залы

Қатысқандар: ДТІЖО-А.Барлыбаева, әлеуметтік педагог-М.Маделиев, мектеп психологтары Г.Ташахунова мен М.Музарапова, Жамбыл облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы,  теолог маманы Ербол Сарсенов, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақтөре Сағыналыұлы Мамбетов (87071731271), мектеп инспекторы-Меркі АІІБ ЮПТ полиция капитаны Б.Айжарыков және мектептің 9-10 сынып оқушылары. 

         Кездесудің мақсаты: 

- дін, қоғам  және жастар  туралы оқушыларға түсінік беру, діни экстремизмнің салдары, залалы және оның алдын алу жолдарын қатысушыларға түсіндіріп жеткізу.


Іс-шара 2021 жылдың 2 сәуірінде мектептің тәрбие сала мамандарымен ұйымдастырылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Барлыбаева іс-шараны алғы сөзбен ашып беріп, қатысушыларды қонақтармен таныстырып өтті.

Таныстырудан кейін сөз алған  аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Мамбетов оқушылардан «Дін», «Қоғам» дегеніміз не, «Жастар» дегеніміз кім деген сұрақтардан бастап, аталған осы әрбір сөздік ұғым, терминдерге анықтама бере отырып кеңінен тоқталып өтті. Дәріскер өз сөзінде Қазақстан Республикасы-зайырлы, яғни, барлық ұлт, діни өкілдері өз дінін, ұлттық дәстүрін еркін ұстануға құқығы бар екенін мемлекет екенін, барлық діни бірлестіктер конфессиялар арнайы мемлекеттік тіркеуден өткенде ғана жұмыс жасап, қызмет ететінін айтып өтті.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы, облыстық және қалалық соттарының шешімдерімен бүгінгі таңда ұлттық деңгейде Қазақстан территориясында тыйым салынған террористік және экстремистік құрылымдар мен бірге басқада діни ұйымдар туралы да ақпарат бере отырып, бүгінгі күнде еліміздегі жастар тарапынан, оның ішінде кәмелет жасына толмағандар арасында дәстүрлі емес діни ағымға бас бұрып, соның етегінде кетіп жатқан балалар мен жастар көптеп кездесетінін, оның негізгі салдары- қоғамда діни сауаттылықтың төмен болуынан деп атап айтып өтті. Еліміз тәуелсіздік алысымен ата дінімізбен, тілімізбен, салт-дәстүрлерімізбен қауыштық.Дамудың даңғыл жолына түскен мемлекетіміздің тұғыры мықты болуы үшін азаматтарымыздың діни сауаттылығы заман талабына сай болуы тиіс.Діни сауаттылықтың негізі мектепте қаланады.Сондықтан да, мектептегі тәрбие жүйесінің құрамдас маңызды бөлшегі ретінде оқушылардың діни сауаттылығын қалыптастырудың маңызы зор.Оқушылардың діни сауаттылың көтеру арқылы олардың діни идеологиялар мен дест руктивті ағымдардың шырмауына түсіп қалудан сақтайды деп дәріс беруші өз сөзін аяқтады

Теолог маман Е.Сарсенов тақырыпты жалғастыра отырып, жастардың дәстүрлі емес діни ағымдардың шырмауына кетуінің 3 негізгі себебін атап өтті, ол, біріншіден, жалпы қоғамда діни сауаттылықтың төмен болуы. Діни сауаттылық негізі, мектеп қабырғасынан қалануы керек.Себебі, бүгінгі оқушы ертеңгі азамат, ел ертеңінің кемелді келешегі.бүгінгі оқушылардың діни сауаттылығы- ертеңгі қоғамның қауіпсіздігінің кепілі болады.Жастардың діни санасы мен діни біліммін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде қаралып отыр.

Екіншіден, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз етеміз деп қызықтыру арқылы қатарларына қосып жатқанын байқаймыз.

Үшіншіден, шетелдік миссионерлердің өз қызметтерін жоғары деңгейде жүргізуінде болып отыр деп айтып өтті.




Кездесу барысында дүниежүзілік діни терроризм мен экстремизм, оларға қарсы барлық елдерде жүргізіліп жатқан күрес туралы да айтылып, экстремизмге қарсы күрестің бірден- бір жолы – олар туралы өз уақытында шынайы мәлімет беру.Бұл жерде әрине күнделікті ақпарат құралдарының рөлі зор. Секталардың, экстремистік топтардың қаупі туралы жастарды көбірек хабардар етіп отыру қажет.Ол үшін барлық мектептерде «Дінтану» сабағымен қоса мамандар қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, онда экстремистік топтарды, тоталитарлық секталарды қалай білуге болатынын түсіндіріп, олардан қалай сақтану жолдарын көрсетіп отырулары керек екендігі, аталған пәннің өзі оқушылардың діни сауаттылығын ашумен қатар балалардың теріс ағымдардың жетегіне кетпеуінің басты құралы екені, сонымен қатар, еліміздегі діни жағдайдың алдын алу мен діни сауаттылықты арттыру, діни терроризм мен экстремизмін алдын алу  мақсатында ақпараттық-насихаттық топтар (АНТ) құрылғанын, топтар құрамына дінтанушылар, теологтар, психологтар, заңгерлер және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері енгенін  кездесуде айтылды.

Жиын барысында және соңында  оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға мамандар тарапынан нақты, толыққанды жауаптар берілді. Мысалы, «9 сыныптағы «Дінтану» сабағын неге арнайы мамандар бермейді?» деген әлеуметтік педагог сұрағына мамандар бүгінгі күнде бұл мәселе республика аумағында орналасқан білім ошағының барлығына қатысты үлкен күрделі мәселе болып отырғаны, аталған мәселе жоғарғы оқу орындарын бітіріп отырған арнайы теолог- мамандарының жетіспеушілігінен туындар отырғаны туралы түсіндіре отырып, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан «Нұр-Мүбәрак», «Яссауи атындағы қазақ-түрік» жоғарғы оқу орындарын бітіріп шыққан түлектер арасынан арнайы теолог мамандар қазіргі уақытта жасақталып жатқанын, бірақ оның өзі облыс көлемінде орналасқан 500 жуық білім ошағына  аздық ететінін айтып өтті.

    Кездесу соңында мамандар барлық іс-шараға қатысушыларды алдымызда келе жатқан Ораза айымен құттықтап, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.


                                     Әлеуметтік педагог                                  М.Маделиев 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив