Жазғы мектеп-білім мен шығармашылық әлемі
Жазғы мектеп-білім мен шығармашылық әлемі.
Жамбыл облысы, Меркі ауданы №48 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «Б» сынып оқушыларының жазғы мектебінің аяқталуына 1 апта уақыт қалды. Үш апта бойы оқушылар пәдер бойынша сабақ оқыды.
7 «Б» сынып оқушысы Арыстанбек Ақерке қазақ тілі мен әдебиеті сабағынан өзінің жан-жақты шығармашыл екенін көрсете білді. Сабақ барысында: 1) Дауыссыз дыбыстар.Дауыссыз дыбыстардың жасалуы,түрлері,дауыссыз дыбыстарды талдау.2) Лексикалық тақырыптар.3)Буын тасымал.Екпін.Буын және оның түрлері,буынға бөлінбейтін сөздер,тасымал туралы,тасымалданбайтын сөздер,екпіннің түрлері,екпін түспейтін қосымшалар.4) Үндестік заңы. Буын үндестігі, дыбыс үндестігі,ықпалдың түрлері.Сонымен қатар, әдебиет пәні бойынша сабақ барысында эссе жазуды үйрендім.Маған шығармашылық жұмыстар ұнайды, болашақта мұғалім боламын деген ойдамын. Сол себепті қазіргі таңда біздің мақсатымыз тек қана оқу алға қойған мақсатымызға нық жету,-деп бөлісті Ақерке.
Жазғы мектепте оқушылар өздеріне керек дүниелерді меңгере білді.Себебі, оқушылардың басым бөлігі қызығушылықпен қарап іздену үстінде болды.
Мұғалім: Жолымбекова С.С