24
май
2021
Жалпы республикалық ата - аналар жиналысы
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде жалпы республикалық ата - аналар жиналысы
Жамбыл облысы Меркі ауданының №48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 22 мамыр күні 2020 – 2021 оқу жылының қорытындысы туралы жалпы республикалық ата – аналар жиналысы өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілі мен ата – аналар қатысты.
Жалпы республикалық ата – аналар жиналысының мақсаты - ата – аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020 – 2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету және ата – ананың педагогтармен жеке сөйлесуі арқылы баланың үлгеріміне егжей – тегжейлі талдау жасауға мүмкіндік беру. Сондай – ақ күн тәртібінде 9,11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау,оқу жылының қорытындылары,оқушылардың білім сапасы,жазғы мектеп жұмысы,жазғы демалыс,лагерь туралы,жаз кезіндегі қауіпсіздік шаралар,оқушылардың өмір қауіпсіздігі,құқық бұзушылықтың алдын алу туралы мәселелері талқыланды. Білімді ұрпақ тәрбиелеу кез – келген ұстаздың басты міндеті.