«Ерте жастағы жыныстық қарым-қатынасқа түсудың зияны» дәріс
«№48 жалпы орта білім беретін мектебінде»
«Ерте жастағы жыныстық қарым-қатынасқа түсудың зияны» туралы анықтама
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың қаңтар 18 күні 9-11 сынып қыздарымен «Ерте жастағы жыныстық қарым-қатынас түсудың зияны» тақырыбында дәріс оқылып, кеңестер берілді. Жыныстық қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең. Бұл кезде жастарда жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі өсе түседі. Аңғармай айтылған немесе ретсіз айтылған бір ауыз сөзбен жасөспірімнің ойында тұрған арманы мен қуанышын оп- оңай бұзып жіберуге болады. Жыныс күтімі бала тәрбиесінің бір бөлігі болғандықтан, жыныстық қабілет жетіліп келе жатқан кезде жасөспіріммен айрықша әңгіме өткізу қажет. Мұндай әңгімені баланың көңіл-күйі жақсы кезде бастап, ата-анасына өнегелі түрде сөйлесу керек. Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн. Оған айтайын деген ақылыңызды бір әңгіме арасында, ыңғайын келтіріп айтуды күні бұрын жоспарлаған дұрыс. Баламен әңгімелескенде өсиет айтудың да, беталды ескертудің де, алдын-ала қорқытудың да қажеті жоқ. Мұндай кеңес жасы үлкен апасының сіңлісіне, ағасының інісіне айтқан ақылы тәрізді болуы тиіс. Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн. 13-14 жасқа келген жасөспірім махаббат мәні, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас сияқты бірқатар мәселелерді байқайды. Жыныстық ұстамдылықтың көздейтін мақсаты – ерлі-зайыптылар арасындағы адалдық туралы түсінікті қалыптастыру. Отбасылы болудың түпкілікті екі мақсаты бар, ол бақытты өмір сүріп, бала тәрбиелеу! Сонымен, сайып келгенде, жыныстық ұстамдылықтың мәні де махаббат пен өзара құрметке бөленген бақытты отбасын құру боп шығады. Сондықтан, балиғатқа толған қыз бен ұлды махаббат пен адал неке жоқ жерде өмірдің сәні болмайтынын түсінетіндей етіп тәрбиелеу керек. Өздері үлгі көрсетпесе, ата-ананың бос сөзі мен әңгімесінен еш пайда жоқ. Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор – ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі.