Қыркүйек айында үйде оқитын және ерекше білімді қажет ететін білім алушылармен жұмыс
№48 ЖОББМ-нің әлеуметтік қызметінің 2023-2024 оқу жылының қыркүйек айында үйде оқитын және ерекше білімді қажет ететін балалармен атқарған жұмыс туралы
Ақпарат
Ойтал ауылы 13.09.2023 жыл
Мектептің әлеуметтік қызметінің 2023-2024 оқу жылында үйде оқитын және ерекше білімді қажет ететін балалармен атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес мектептің әлеуметтік педагогы М.Маделиев 2023 жылдың қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде аталған санаттағы балалардың тізімін анықтап, балалармен оқу жылы бойы атқаратын жұмыс жоспарын құрды. Жоспар мектеп басшысымен бекітілді.
Әлеуметтік қызмет тарапынан атқарылған анықтау жұмысы нәтижесінде бүгінгі күні білім ошағында «Меркі аудандық ведомствоаралық психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ-сі 2023 жылы берген қорытындыларына сәйкес 9 «а» сынып білім алушысы Абал Амина Ғабитқызы, 7 «д» сынып білім алушысы Елеусинов Алан Булатович, 6 «ә» сынып білім алушысы Сейдашым Меліс Нуркенұлы, 3 «д» сынып білім алушысы Нагиев Руслан Ралисович,3 «д» сынып білім алушысы Жолдасбек Әліби Қаныбекұлы мен 5 «г» сынып білім алушысы Косякова Виктория Евгеньевна үйде оқитын, 6 «б» сынып білім алушысы Артық Нұрәли Нұрланұлы, 5 «д» сынып білім алушысы Гребенников Даниил Александрович, 6 «а» сынып білім алушысы Орынбасар Айлин Болатқызы, 8 «б» сынып білім алушысы Айназар Әсем Азатқызы мен 5 «в» сынып білім алушысы Тұрар Арсен Бахытұлы инклюзивті білімді жеке қаралыммен оқитын болып анықталды.
Денсаулығына байланысты үйде оқитын балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету мақсатындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығының үйде оқитын мүгедек-балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік хаты мен әлеуметтік қызметтің аталған санаттағы балалармен атқарылатын жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 1 қыркүйегінде жоғарыда аталған жалпы саны 6 үйде оқитын білім алушыны компьютерлік құралдармен қамту туралы мектеп бұйрығы шығарылып, бұйрыққа сәйкес 2023 жылдың 6 қыркүйегінде барлық балаға жалпы қордан бөлінген Қытай Республикасында шығарылған «Classmate PC» маркалы нетбугі берілді. Компьютерлік құрал балаларға 2023-2024 оқу жылында білімін шыңдау мақсатында берілді.
Бұйрыққа сәйкес берілген компьютерлік құралдардың 2023-2024 оқу жылында үздіксіз, сапалы жұмыс істеуі мектептің ақпараттық іс жөніндегі маманы А.Расилов пен сынып жетекшілері тарапынан қадағаланып,бұйрықтын орындалуын қадағалау директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Омароваға жүктелді.
Мектеп фойесі мен дәлізінде үйде оқыту мен инклюзивті білім беру бағытына арнайы стендтер жасалынып ілінген.Барлық балалардың жеке құжаттарында мектептің психолог мамандары мен сынып жетекшілері тарапынан психологиялық - педагогикалық мінездемелер, әлеуметтік қызмет мамандары тарапынан арнайы картотекалар, балалардың тұрғылықты мекен - жайлары бойынша әр баланың отбасылық әлеуметтік тұрмыстық жағдайын тексеру актілері тіркелген. Отбасылардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайы оқу жылында мектеп әкімшілігі тарапынан 2 рет тексеріліп, тиісті актілер толтырылады.
2023-2024 оқу жылындағы алғашқы білім алушылардың отбасылық-тұрмыстық жағдайын тексеру жұмысы комиссия құрамымен 2023 жылдың 12-13 қыркүйек күндері жүргізілді.Тексеріс барысында балалардың ата-аналарымен әңгімелер жүргізіліп, түрлі кеңестер берілді.Сонымен қатар комиссия құрамы балалармен де әңгімелер жүргізіп, тексеріс барысында отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, отбасында баланың оқып-тәрбиеленуіне жағдайдың қаншалықты дәрежеде жасалғаны тексеріліп, анықталды.
2023 жылдың 20 қыркүйегінде №48 жалпы орта білім беретін мектеп әкімшілігі білім ошағында мүгедектігі бар үйде оқитын балалармен тиісті дәрежеде жұмыс атқарылуына жағдайдың жасалғандығын анықтау мақсатында мектептің материалдық базасына тексеріс жүргізді.
Тексеріс мектеп директоры Б.Ахметбеков, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Омарова, директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары Т.Джилкышибаев пен мектептің әлеуметтік педагогы, мектептің педагогикалық консилиум хатшысы М.Маделиевтің тікелей қатысуымен жүргізілді.
Тексеру барысында талапқа сай мектептің ауласына және мектепке кіре беріс жеріне ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы ұстап жүріп, кіретін арнайы құрылғы (пандус), мектеп ауласында балаларға арналған арнайы тұрақ орны мен оларға арналған арнайы қоңырау нүктесінің орнатылғаны, мектеп ішінде балалардың жүріп-тұруына арналған арнайы сары түсті жолақ жолдар төселгені анықталып, керісінше ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы биодәретхана мен арнайы жылжымалы мүгедек орындықтарында отырған мүгедек балалардың мекеме ішіне еркін кіріп, шығуы үшін табалдырықтарға тактильдік тақтайшалардың орнатылмағаны анықталды.
Аталған кемшіліктерді жою мақсатында мектеп әкімшілігі аудандық білім бөліміне хат жолдап, қаржы бөлу мәселесі бойынша өз ұсынысын жолдады. Аталған үйде оқитын білім алушылардың медициналық диагнозына қарай оқу бағдарламасы бойынша 2023 жылдың қыркүйек айында жауапты маман тарапынан мектеп директорының бұйрығы шығарылып, оқу процесіне санаты бар, тәжірибесі мол пән мұғалімдері бекітілді.Тиісінше үйде оқитын балалардың жеке білім беру процесін басқару және қамтамасыз ету жұмысы мектепте түзету-педагогика саласында жоғары білікті арнайы мамандандырылған мұғалімдер құрамымен атқарылып отыр.
Ерекше білімді қажет ететін (инклюзивті білім) 5 білім алушының білім сапасына тоқсан сайын зерделеу жүргізіліп, білім сапалары тоқсан сайын педагогикалық кеңесте қаралуда.
Аталған жұмыс бағыты әлеуметтік қызмет тарапынан оқу жолы бойы жүргізілетін болады.