Тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия жұмысының ұйымдастырылуы




№48 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың сапалы әрі қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында бракераждық комиссия құрылған.
Комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітілген. Оның құрамына мектеп әкімшілігі, медицина қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері және асхана меңгерушісі кіреді.
Комиссияның негізгі міндеттері:
Дайын тағамдардың сапасын күнделікті бақылау;
Ас мәзірінің бекітілген рационға сәйкестігін тексеру;
Тағамның дәмін, иісін, түсін, консистенциясын бағалау;
Тағамның температуралық режимін өлшеп, нормаларға сәйкестігін қадағалау;
Санитариялық талаптардың сақталуын бақылау;
Бақылау нәтижелерін арнайы бракераж журналында тіркеу.
Комиссия мүшелері күнделікті асханаға жеткізілген және дайындалған тағамдардың сапасын қарап, қорытындыларын рәсімдейді. Журналға енгізілген жазбалар негізінде тағамның тұтынуға жарамдылығы туралы шешім қабылданады.
№48 ЖОББМ бракераждық комиссиясы оқушылардың дұрыс әрі сапалы тамақтануын ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады.