2022-2023 оқу жылында білім алушылардың мектеп асханасында тегін және ата - ана есебінен тамақтануын ұйымдастыру және аталған бағытта жұмыс атқаруда жауапты мамандарды бекіту туралы » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » 2022-2023 оқу жылында білім алушылардың мектеп асханасында тегін және ата - ана есебінен тамақтануын ұйымдастыру және аталған бағытта жұмыс атқаруда жауапты мамандарды бекіту туралы
31
август
2022

2022-2023 оқу жылында білім алушылардың мектеп асханасында тегін және ата - ана есебінен тамақтануын ұйымдастыру және аталған бағытта жұмыс атқаруда жауапты мамандарды бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі 

«№48 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

№ ______  бұйрықтан көшірме

Ойтал  ауылы                                                                                                                      31.08.2022 жыл

2022-2023 оқу жылында білім алушылардың мектеп асханасында тегін және ата - ана есебінен тамақтануын ұйымдастыру және аталған бағытта жұмыс атқаруда жауапты мамандарды бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 10-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы №231 бұйрығының 1-қосымшасы 2-тарау 3-параграфының 109 тармақшасы және 2022-2023 оқу жылында білім алушылардың мектеп асханасында бір мезгіл тегін және ата - ана есебінен тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында 


БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2022-2023 оқу жылында білім алушылардың мектеп асханасында тамақтануын ұйымдастыру және қадағалау мақсатында тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия  құрылсын.
  2. 27.08.2022 жылғы алқалық басқару органның шешімімен бекітілген 154 (жүз елу төрт) білім алушы 2022 жылдың 1 қыркүйегі мен 2023 жылдың 31 мамыр аралығында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылсын.
  1. 2022 жылдың 1 қыркүйегі мен  2023 жылдың 31 мамыр аралығында 1-11 сынып білім алушылары арасында мектеп асханасында ата-аналар есебінен тамақтану ұйымдастырылсын.
  2. Тегін тамақпен қамтылған 154 білім алушы арасынан тамақтану күндерінде түрлі себеппен сабаққа келмей қалған білім алушы денсаулығына байланысты диспансерлік есепте тұрған білім алушымен алмастырылсын.
  3. Білім алушылардың мектеп асханасында тамақтануын қадағалау тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері мен кезекшілік атқарған сынып жетекшілеріне жүктелсін.
  4. Мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруда төмендегі жауапты мамандар бекітіліп, міндеттері мен жауапкершіліктері нақтылансын:

1.Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Асилбекова жауапты:

      -      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158         

             бұйрығына 10-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім 

             алушылармен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген 

             тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен Қазақстан 

              Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылдың  5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 

              бұйрығымен бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын 

              санитарлық−эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына сәйкес мектеп 

              асханасында жекелеген санаттағы білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақтануы мен  

             мектеп асханасының санитарлық талаптарға сәйкес қызмет етуіне.

2. Медициналық қызметкер Х.Бабатова жауапты:

  • күн сайын тамақтың сапасына органолептикалық бағалау жүргізуге, санитарлық қағидалармен бекітілген нысан бойынша бракераж журналына жазба енгізуге;
  • дайындалған тағамның сапасын тексеру жұмысына;
  • азық-түліктердің сақталу жағдайы мен тұтыну мерзімін қадағалауға;
  • жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, жеткілікті қолданылуына, күнделікті ас мәзірін дайындалуына;
  • мәзір бойынша бекітіліп, дайындалған тағам мөлшерінің, көлемінің сәйкестігіне;
  • білім алушылардың ауыз сумен қамтылуына, олардың ауыз суға қолжетімді болуына;
  • сыныптарды, мектеп дәлізін, асханасын күнделікті кварцтау жұмысын жүргізуге.

3. Директордың  шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары  Т. Джилкышибаев жауапты:

-     тағамдарды дайындау технологиясына тоңазытқыш - технологиялық жабдықтардың     

      жарамдылығына;

-     асхананың материалдық жабдықталуына.

4. Әлеуметтік педагог М.Маделиев жауапты:

-     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158       

      бұйрығына 10-қосымшасымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар 

      мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды 

      ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес қызметті алушыға қызмет 

      көрсетуге және 2-қосымшаға сәйкес құжаттар жинақтауға; 

-     мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануы бойынша атқарылған жұмыстарды және 

     жұмыс нәтижелерін білім беру ұйымының интернет-ресурсына орналастыруға;

-    тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісін рәсімдеуге.

5. Аспазшы А.Киер жауапты:

-    тегін және ата-аналар есебінен  тағамды әзірлеуге;

-    асхана блогында санитарлық талаптардың сақталуына. 

-    күн сайын ас блогында нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын                   

     қалдыруға, іріктелген тәуліктік сынамалар кемінде 48 сағат арнайы тоңазыту жабдығында        

     сақтап, сақтау мерзімі өткеннен кейін сынама тамақ қалдықтарын тастауға.  

      7.  І ауысымда   оқитын білім алушылар 2 лекпен: I лек -   сағат 09.40-та тамақтансын.

                                                                          II лек – сағат 10.35-те тамақтансын

           ІІ ауысымда оқитын  білім алушылар 2 лекпен: I лек -   сағат 14.45-те тамақтансын.

                                                                          II лек – сағат 15.40-та тамақтансын.

      8.  Асханаға  жауапты мамандар мен сынып жетекшілерінің кезекшілік кестесі бекітілсін.                                                         

      9.  2022-2023 оқу жылында мектеп асханасында білім алушылардың тегін және ата-ана есебінен  

           тамақпен қамтылу жұмысына жауапкершілік пен бұйрықтың орындалуын қадағалау         

           жауапты маман, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары А.Асилбековаға   

           жүктелсін.



Мектеп директоры                                    Б.Ахметбеков 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив