№48 жалпы білім беретін мектебінің бракераждық комиссия отырысының хаттамасы №3
№48 жалпы білім беретін мектебінің бракераждық комиссия
отырысының хаттамасы №3
13.01.2020жыл
Күн тәртібінде:
- Мектеп асханасының санитарлық жағдайы
- Тамақтануда әзірленген астың сапасы
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Султанбекова жиналысқа қатысушыларды мектеп асханасының жұмысы, сапалы тамақтандыру бойынша комиссия рейдтерінің қорытындысымен таныстырды. Асхананың санитарлық жағдайы, азық түлік сапасын тексеру, тамақты дайындау технологиясын асхананың тоңазытқыш-технологиялық жабдықтарын тексеру, дайын тамақтар мен азық-түліктердің сақталу талаптарының орындалуын тексеру көзделді.
Тексеру барысында шикі азық-түліктерді сақтайтын арнайы дөңгелектеп ойылған шкафтардың тазалығы талапқа сай екендігі расталды. Қол жуғыш құралдарда бір көлеммен кесілген сабын қойылған. Технологиялық құралдары түгел, электроқуатты пеш, жұмыс үстелі жеткілікті. Асханада пышақтар, тақтайшалар толық таңбаланған, шикі және даяр азық-түліктерге, нан өнімдері мен көкеністерге арналған орындар 1 пайыздық уксус ерітіндісімен өңделіп тазартылған. Асхана ішінің безендірілуі талапқа сай: «Астарыңыз дәмді болсын!» , «Ас болсын!» деген ұранды сөздер жазылған. Асхана бұрышында мектеп әкімшілігінің кезекшілік кестесі, меню тізбесі, тыйым салынған заттар тізбесі, бұйрық ілінген. Аспазшылардың жұмыс үстелінде тегін тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың ауысым бойынша тізімдері күнделікті белгеленіп, сбақта болмаған оқушылардың орнына «Д» есебіндегі оқушыларды ыстық тамақпен қамту ісі жолға қойылған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша әлеуметтік педагог М.Салахова асхананы жалға алушы «Карабаев –ИП» азық-түлік сертификаттарын ұсынды. Мектептегі медициналық қызметкер Г.Нурымова күн сайын асхананың тазалығын, бракераждық жұмыстың жүргізілуін мұқият тексеріп отыратындығын айтты. Мектеп басшысының мөрімен бекітілген ас мәзірінің ілініп тұрғандығын да айтып өтті. Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы талапқа сай, -деп өз сөзін аяқтады.
Шешім:
- Мектеп асханасында бракераж комиссиясының санитарлық жағдайының бақылау жұмысы жандандырылсын.
- Тегін тамақпен қамтамасыз ету қызметі келісімге сәйкес үнемі комиссия тарапынан бақылауда болсын.
Комиссия төрайымы: М.Султанбекова
Хатшы: М.Салахова