Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөнінде
№48 жалпы білім беретін мектебінде мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясының рейдтік іс-шарасының өткізілгендігі туралы
анықтама
Мектептің ас дайындау орнында тағамды өз уақытында дайындау мен сақтау мерзімін тексеруде мынаны көрсетті, тағамдарды өз уақытында пайдалануы мен сақтау мерзімі қорап сыртындағы шығарушының белгісімен сәйкес келеді, тағамның қауіпсіздігі мен сапасын белгілейтін құжаттары бар.
Тез бұзылатын тағамдарды сақтау температурасы санитарлық ережелерге сай. Тез бұзылатын тағамдарды сақтау температурасы (-300-дейін) және +20 С -60С. Шикі және дайын тағамдар бөлек сақталады.
Тамақ өнімдерін сақтау кезінде көршілес тауарлар принципі қамтамасыз ету сақталады. Құрғақ тағамдарды сақтау үшін қойма, көкөністер ас бөлмесінен бөлек орналастырылған. Келіп түскен тағамдар арнайы стеллаждарда қойылады.
Дайын бірінші және екінші тағамдар дайындалған уақыттан бастап 2 сағат тұрады. Дайын ыстық тағамдар суып қалғаннан қайта ысытылмайды, сусындар тек қана стакандарға құйылады.
Шешімі: тағамды өз уақытында пайдалану мен сақтау мерзімі барлық санитарлық талаптарға сай.