07
ноябрь
2023
«Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі» тақырыбында ата-аналар жиналысы
№48 жалпы орта білім беретін мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10-11 сынып білім алушыларының ата-аналарымен «Көркем мінез – баға жетпес байлық. Эмоционалды интеллект – табысты тұлғаның негізі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың эмоционалды құзыреттілігін, өзіндік сана-сезім, өзін-өзі реттеу, эмпатия және қарым-қатынасты реттеу дағдыларын дамыту
Қатысқандар: 10-11 сынып ата-аналары
Міндеттері:
• Балаға эмоционалды интеллектіні дамыту бойынша қызығушылықты қалыптастыру
• Эмоционалды интеллектінің құрылымдық компоненттері туралы түсінік беру (өзіндік сана-сезім, эмпатия, өзін-өзі реттеу, қарым-қатынасты реттеу)
• Өз эмоцияларын және басқа адамдардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту
• Өз эмоционалдық жай-күйлерді реттеу, олардың сыртқы көріністерін бақылау, позитивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер: Ашықтық, өмірге оң көзқарас.
#ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы