25
январь
2024
ҰБТ-ға қатысушыларға арналған ақпараттар бойынша түсіндіру жұмыстары
№48 ЖОББМ 2023-2024 оқу жылында - 37 түлек бар, соның - 31-і Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады. 25.01.2024 жылы ДОТІЖО А.Асилбекова 11 сынып түлектеріне Қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысушыларға арналған ақпараттар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру барысында білім алушыларға: оқушының құжаты болмаса немесе туу туралы куәлігі болған жағдайда мектеп берген анықтама дұрыс рәсімделмесе, онда оқушы ҰБТ тапсыруға кіргізілмейтіндігі айтылды. Сонымен қатар тыйым салынған заттарды өзімен бірге алып кіруіне болмайтындығы, тәртіп сақтау керек екендігі айтылды. Тестілеу - бір оқушы- бір компьютер-екі камера қағидаты бойынша тест өткізілетіндігі туралы түсіндірілді. Сонымен қатар биылғы жылы өз ауданымызда Асанбай Асқаров мектеп-гимназиясы базасынан ұлттық тестілеу өткізу орны ашылды. Тест өткізу орны ашылуына байланысты барлық ҰБТ-ға қатысушы мектеп түлектері аталған тестілеу орталығына тіркелген. Мектеп бітіруші түлектердің жақын жерде тапсыру мүддесін ескере отырып компьютерлік форматта өз өтініштері бойынша барлық түлектер өз ауданымызда тест тапсырады.