Қамқоршылық кеңесі » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
27
январь
2020

Қамқоршылық кеңесі

№48 жалпы білім беретін мектебі жанындағы 
Қамқоршылық кеңес отырысы 
№1 ХАТТАМА

Ойтал ауылы                                                                                                    28 қаңтар 2020 жыл


Төраға: Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев 

Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебі, №23 «тарих пәні» кабинеті 

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес төрағасы мен мүшелері, №48 ЖББМ директоры Р.Нуралбеков, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп инспекторы Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ-ның полиция капитаны Б.Айжарыков.

Хатшы М.Маделиев


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. Мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуіне байланысты   ұйымдастыру жұмыстары туралы мектеп директорының есебі.
  2. Пәндерге уәжі төмен оқушылармен атқарылатын жұмыс бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының есебі.
  3. Бала өмір қауіпсіздігі мен мобильдік топтын жұмысы бойынша директордың құқықтық тәрбие бойынша орынбасарының есебі.
  4. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, «жайсыз отбасы» ретінде тізімдік есепте тұрған, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және қиын өмірлік жағдайға қалған балалармен атқарылған жұмыстар туралы мектеп инспекторының есебі.

ТЫҢДАЛДЫ:

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Р.Нуралбеков кеңес мүшелеріне ауызша есеп беріп өтті.Басшы өз сөзінде білім иошағының 40 жылдық тарихы бар екенін, биылғы 2020 жылдың наурыз айынан бастап білім ошағында күрделі жөндеу жұмысы басталады деп күтіліп, жоспарланып отырғанын айта келе, наурыз айынан бастап мектеп оқушылары мұғалімдермен бірге Сарымолдаев ауылында орналасқан кешкі мектептің (бұрынғы В.Савва атындағы №9 ЖББМ) базасына көшіріліп, оқу жылын балалар сол мектепте аяқтайтынын баяндады.Осы жағдайға орай барлық оқушылар 3-4 нүктеден тасымалданып оқытылатынын, балаларды тасымалдау, күрделі жөндеу жұмысын мезгілінде бастап, аяқтау, оны сапалы жүргізу  мәселелері аудан және облыс  басшыларының назарында екенінде баяндамашы өз сөзінде айтып өтті.

Отырыстағы екінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Султанбекова сөйледі.Ол өз сөзінде 2019-2020 оқу жылының I-жартыжылдық қорытындысы мен осы бағытта мектептің психологиялық қызметінің атқарған  жұмыс нәтижесі негізінде мектепте бүгінгі күні 14 оқушы пәндерге уәжі төмен бала болып анықталып отыр деді.Аталған оқушылармен пән мұғалімдері, сынып жетекшілері тиісті жұмыстар атқарып, барлық балалардың отбасылық жағдайы әлеуметтік қызмет мамандары тарапынан тексеріліп, ата-аналарымен балалардың білім сапасын көтеру туралы әңгімелер жүргізді, балалардың білім сапасы, олармен жоспарланып атқарылып отырған жұмыс бағыттары  мектеп әкімшілігі тарапынан қадағаланып отыр деп ол өз сөзін түйіндеді.

Отырыстағы үшінші мәселе бойынша сөз алған директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдраманова өз сөзінде баланың өмір қауіпсіздік мәселесі барлық мектепішілік тәрбиелік-құқықтық іс-шараларда айтылып, қаралатынын айта келе, мектеп жанындағы қауіпті аймақ үнемі әкімшілік тарапынан қадағалауында екенін   мәлімдеді.Сонымен қатар құрылған мобильдік топ мүшелерімен үнемі мөлтекаудан, аудан орталығында рейдтер жүргізіліп отырылады,  мектепішілік есептегі «жайсыз» отбасы мен өгей әке-шешелерімен тұратын оқушылар мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторы тарапынан үздіксіз қадағаланылып отыр деді.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша мектеп инспекторы- Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ полиция капитаны Б.Айжарыковтың есебі тыңдалды.  Мектеп инспекторы өз міндетін жаңадан атқарып отырғанын, мектеп ұжымымен, оқушы контингентімен жаңадан танысып отырғанын айтып, ескерте келе, қаңтар айында «жайсыз» отбасы есебінде тұрған Черноволовтар отбасында бірнеше рет болып, ай ортасында азаматша Черноволова Ираны ішімдік тәуелділіктен арылып, емеделуі үшін өз келісімімен облыстық наркологиялық диспансерге, ал баласы Черноволов Максим әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында Тараз қаласында орналасқан өмірде қиын жағдайда қалған балаларды қорғау  орталығына уақытша орналастырылғанын баяндады.Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында зиянды заттарды қолданбау, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепішілік бірнеше рейдтер ұйымдастырылғанын, рейдтер барысында бірнеше жоғарғы сынып оқушыларынан смартфон телефондары тәркіленгенін, ол бойынша балалардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп смартфонды мектеп қабырғасында қолданбау туралы алғашқы ескертулер жасалғаны туралы   айтып өтті. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша айта келе, жарыссөзге Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев, кеңес мүшесі, Ойтал ауылдық округ әкімінің орынбасары Қ.Шакибаев шығып сөйледі. Жарыссөз иелері күн тәртібіндегі мәселелер орынды көтеріліп отырғанын айта келе, мектепті күрделі жөндеу барысында балаларды тасымалдау, мұғалімдерге жаңа оқу орнында сапалы білім берулеріне жағдай жасау, балаларды мектепте ыстық тамақпен қамту, жүргізілетін құрылыс жұмысының сапасын бақылау және  атқарылатын жұмыс барысында туындайтын басқада да кез-келген  мәселе аудан, Ойтал округ әкімімен, аудандық білім бөлім басшысымен ақылдасып шешілу керек деген өз ұсыныстарын айтты. Кеңес инспектор жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.

ШЕШІМ:

  1. Мектептің күрделі жөндеу жұмысына қатысты туындайтын барлық мәселелер аудан, Ойтал округ әкімімен, аудандық білім бөлім басшысымен бірлесе отырып шешілсін.
  2. Бала өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында атқарылатын жұмыс бағыты күшейтілсін.
  3. Бала тәрбиесі мен өмір қауіпсіздігі сақтау бағытындағы атқарылатын жұмыста  ата-ананың жауапкершілігі арттырылсын.
  4. Пәндерге уәжі төмен оқушылармен жұмыс бағыты жандандырылсын. Балармен қосымша жұмыстар атқарылсын.



                        Кеңес төрағасы                                  Ш.Бидайбаев

                        Хатшы                                              М.Маделиев

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив