Қамқоршылар кеңесі отырысы №6 ХАТТАМА (көшірме) » ОШ №48 п. Ойтал
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"№48 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 24-36-67
Версия
для слабовидящих
» » » Қамқоршылар кеңесі отырысы №6 ХАТТАМА (көшірме)
03
декабрь
2020

Қамқоршылар кеңесі отырысы №6 ХАТТАМА (көшірме)

№48 жалпы орта білім беретін мектебі

қамқоршылар кеңесі отырысы 

№6 ХАТТАМА (көшірме)

Ойтал ауылы                                                                                               3 желтоқсан 2020 жыл

Төраға: Қамқоршылар кеңесі төрағасы Ш.Бидайбаев 

Отырыс өткен орын: №48 жалпы білім беретін мектебі, №23 «география» кабинеті 

Қатысқандар: Қамқоршылар кеңесі төрағасы мен мүшелері, №48 ЖОББМ директоры Б.Ахметбеков, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Сериков, мектеп психологі  З.Тулебаева, және Жамбыл облысы, Меркі ауданының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының психологі Д.Сатымбаеваәлеуметтік психологі Ж.Нурмановабарлығы 9 адам.

Қатыспағандар: кеңестің 2 мүшесі (Б.Елеуисова, В,Стребкова)

Хатшы М.Маделиев


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:


  1. Өзіне–өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша 2020 – 2021 оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы мектептің психологиялық қызмет мамандарының есебі.
  2. Әр түрлі мәселе.


ТЫҢДАЛДЫ:


Отырысты мектеп директоры Б.Ахметбеков алғы сөзбен ашып беріп, қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселемен таныстырды. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп психологы З.Тулебаеваның есебі тыңдалды.Баяндамашы өз сөзінде суицид (латын тілінен аударғанда sui – өзін ceadere – өлтіру) – өз – өзіне қол жұмсауға икемді адамның әрекеті. Былайша айтқанда, бұл адамның өзінің «ішкі болмысына» жасалған қатыгездігі, яғни жауыздығы. Суицид дертіне әдетте рухани әлсіз, психикалық тұрғыдан тұрақсыз адамдар шалдығады. Сондай–ақ өз–өзіне қол жұмасауға күнделікті күйзеліс түрткі болуы да мүмкін деп суицид індетіне анықтама бере отырып, Қазақстан суицид бойынша әлемнің алдыңғы бестігіне кіреді екен. Ал Орта Азияда бәйгенің басында келеміз. Елімізде әрбір 100 мың адамның 53–інің ажалы өздерінен болатыны анықталған. Нақтырақ айтсақ, еліміз, өкінішке қарай, өзін – өзі өлтірушілердің жалпы саны жағынан әлемеде үшінші орынға, қыз балалар өлімі бойынша бірінші орынға шыққан. Бұл Қазақстандағы суицид саны жалпыәлемдік стандартпен салыстырғанда, өте жоғары деңгейде екендігін білдіреді деп, еліміздегі аталған дерт бойынша ахуалға қысқаша тоқталып өтті.Содан кейін баяндамашы суицидтік қауіпті топтар мен әрбір жас кезеңдеріне сай суицидалды белсенділік,  суицидалды мінез – құлықтың протест, жанашырлыққа шақыру, қайғыдан қашу, өзін-өзі жазалау және өмірден бас тарту сияқты 5 типіне тоқталып,  суицидалды  мінез–құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдар да кездеседі. Сондықтан да өзін – өзін өлтірген адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл – ойы кеміс адамдар, бірін жүйке – жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды,  суицидалды мінез–құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалр арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасылық аралық қақтығыс, әке–шешесінің айырылысуына да байланысты болады деп айтып өтті.Баяндама соңында З.Тулебаева 2020 жылдың жаз айында мектепбіміздің 4 сыныбында оқыған оқушы қызбен болған  өзіне–өзі қол жұмсау келеңсіз оқиға  мен биылғы 2020–2021 оқу жылында елімізде болып жатқан пандемияға байланысты оқушылар мен ата –аналарға онлайн түрінде кеңес беру, сауалнама алу сияқты атқарылған жұмыстарына дайындалған слайдтық ақпараттарды қолдана отырып толық тоқталып өтті. 

Баяндамадан соң отырысқа арнайы шақырылған Меркі ауданының тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік психологі Ж.Нурманова өзін кеңес мүшелеріне таныстыра отырып ауданымызда ашылып отырған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Меркі ауылында орналасқан Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің (райсобес) ғимаратында орналасқанын баяндай келе, орталықтың жұмысшы штатына, жұмыс мақсаты мен жұмыс бағытына және бүгінге атқарылып отырған жұмыс нәтижелеріне тоқталып өтті. 


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша жарыссөзге Қамқоршылық кеңес төрағасы Ш.Бидайбаев, кеңес мүшесі Б.Ниязалиева шығып сөйледі. Төраға күн тәртібіндегі мәселелер орынды көтеріліп отырғанын айта келе, аталған бағыт бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстар мектеп әкімшілігі тарапынан тиісті дәрежеде қадағалансын деген өз ұсынысын айта келе, мектеп психологтарының жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.

Іс-шара соңында Қамқоршылық кеңес мүшелері білім ошағын аралап көріп, күрделі жөндеуден кейінгі мектептің материалдық жабдықталуы мен коронавирустық індеттің таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім ошағында санитарлық талаптардың сақталу жағдайымен танысып өтті.

ШЕШІМ:


  1. Өзіне–өзі қол жұмсаудың алдын алу бойынша атқарылатын жұмыстар мектепте алдағы кезеңде де жалғасын тауып, жандансырылсын.
  2. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім ошағында санитарлық талаптардың сақталуы әкімшілік тарапынан үздіксіз қадағалансын.



                                Кеңес төрағасы                                 Ш.Бидайбаев

                                Кеңес мүшелері                                 Г.Даулетбаева

                                                                                       К.Шакибаев

                                                                                       Д.Рысбек

                                                                                       К.Ахашов 

                                                                                       Р.Алпанов

                                                                                       Б.Ниязалиева                                                                

                                        Хатшы                                     М.Маделиев

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив